Жаңалықтар

Алматыда бір топ азамат жалған ақша бизнесімен айналысқан

Алматыда бір топ азамат жалған ақша бизнесімен айналысқан
Фото: El.kz 06.04.2023 14:04 1440

Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға