Жаңалықтар

Алматыда бір күнде 27 қылмыс ашылды

Алматыда бір күнде 27 қылмыс ашылды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 12.05.2024 08:45 575

Алматы қаласының полицейлері бір күнде 27 қылмыстың ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында 1«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, іс-шараның бірінші күні алдыңғы саптағы және жедел полиция бөлімшелері  27 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 14 қылмыстың бетін ашты. Сонымен қатар 724 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады және жолын кесті.

Атап айтқанда 25 ұсақ бұзақылық, 102 алкогольдік ішімдіктерді ішу, 68 тыныштықты бұзу, 52 кәмелетке толмағандардың кеш уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүруі, 154 тіркеусіз тұру және т.б. Сондай-ақ, қала жолдарында мас күйінде көлік айдаған 8 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды,-делінген қалалық полиция мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға