Жаңалықтар

Алматыда бастауыш сыныптың 126 мың оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Алматыда бастауыш сыныптың 126 мың оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі
Фото: gov.kz 18.08.2023 21:28 1104

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы қаласының әдістемелік орталығының, аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде ведосмтво басшысына жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.  

Алматы қаласы бойынша барлығы 8 аудандық білім бөлімі бар. Жаңа оқу жылында қаланың 314 мектебінде 320 мың оқушы білім алады. Тегін тамақпен бастауыш сыныптардың 126 мың оқушысы қамтамасыз етіледі. Мектеп формалары мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 15 мың оқушыға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. 

Кеңес қорытындысы бойынша министр бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, тапсырмалар оқу жылына дайындық бойынша жұмыстарды күшейтуді, оқушыларды оқулықпен, қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді, мектепке тасымалдау мен білім беру ұйымдарында жайлы жағдай қалыптастыруды қамтыды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға