Жаңалықтар

Алматыда басқарма басшысының орынбасары жауапқа тартылды

Алматыда басқарма басшысының орынбасары жауапқа тартылды
Фото: © El.kz 05.03.2024 22:20 1060

Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары жауапқа тартылды. Лауазымды қызметкер жеке тұлғаның жолданымын қарауды әуре-сарсаңға салған. Бұл фактіні қалалық прокуратура анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура басқармаға ұсыныс енгізген. Алайда ондағылар қадағалау актісіне уақтылы жауап бермеген.

Осыған байланысты қала прокуратурасы басқарма басшысының орынбасарын Әімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 664-бабымен  жауапкершілікке тартты. Іс қысқартылған тәртіппен қаралды.

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 36-бабына сәйкес ұсыным онда көрсетілген заң бұзушылықтарды лауазымды адам немесе орган күнтізбелік 30 күн ішінде жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, ал егер адам мен азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптар туындауы мүмкін болса, прокурор белгілеген мерзімде қаралуға жатады делінген прокуратура мәліметінде.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға