Жаңалықтар

Алматыда барлық халықаралық рейс жаңа терминалға ауыстырылды

Алматыда барлық халықаралық рейс жаңа терминалға ауыстырылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.06.2024 12:20 258

Барлық халықаралық рейс Алматы әуежайының жаңа терминалынан жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2024 жылғы 13 маусым сағат 23:13-тен бастап Алматы әуежайына барлық халықаралық рейстердің ұшуы жаңа терминалда (Т2) жүзеге асырылады.

14.06.2024 жылы сағат 1:00-ден бастап барлық халықаралық рейстің Алматы әуежайының жаңа терминалынан ұшуға толық көшуі жүзеге асырылды. 2024 жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін жаңа терминалдан барлығы 310 халықаралық рейс орындалды және 43 814 жолаушыларға қызмет көрсетілді, - делінген мәліметте.

Бүгінгі таңда жаңа терминал 33 әуе компанияға қызмет көрсетеді.

Бұрынғы терминалда (Т1) барлық ішкі бағыттар бойынша Air Astana, Scat, FlyArystan, Qazaq air және Южное небо әуе компанияларының рейстері жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға