Алматыда баланы тепкен Түркия азаматы екі айға қамалды
Фото: Коллаж El.kz
Фото: Коллаж El.kz
26.07.2023 09:28
900
Алматы облысының Қарасай аудандық тергеу соты сауда орталықтарының бірінде кішкентай қыз баланы тепкен Түркия азаматына қатысты бұлтартпау шарасын қолданды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, Түркия азаматы тергеу кезінде екі айға дейін қамауға алынды. Мұндай бұлтартпау шарасын күдіктіге қатысты Қарасай аудандық тергеу соты қолданды.
Оқи отырыңыз:
- Атырауда рестобар күзетшілері қызды жабылып соққыға жыққан
- Жолға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік қамауға алынды
25 шілде күні Түркия елшілігі болған жайтқа қатысты өкініш білдіріп, бүлдіршіннің тезірек жазылып кетуіне тілектестігін жеткізген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Чемпиондар лигасы: «Астана» сырт алаңда оңбай ұтылды
Келесі жаңалық
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды