Жаңалықтар

Алматыда азаматтарды 346 млн теңгеге сан соқтырған үш әйел ұсталды

Алматыда азаматтарды 346 млн теңгеге сан соқтырған үш әйел ұсталды
Фото: polisia.kz 28.03.2025 14:29 473

Алматыда полицейлер алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен үш әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден астам сомманы құрайды. Алдын ала мәлімет бойынша қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі - аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция зардап шеккендердің барлығын және қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға