Алматыда әйел мен екі баланы айуандықпен өлтіріп, өртеп жіберген

Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
15.09.2023 14:29
1991
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 14 қыркүйек түнгі сағат 23:24 шамасында Іле аудандық полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылынан хабар түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онда ауылдағы бір үйден өрттен кейін зорлық-зомбылық белгілері бар К. есімді азаматша мен оның екі баласының мәйіті табылғаны айтылған.
Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бүкіл аудандық полиция бөлімшелеріне және көршілес өңір полициясына ақпарат жолданды, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Айтуынша, түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.
ҚР ҚІЖК 201-бабы бойынша тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды, - деп атап өтті облыстық департамент басшысы.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада нөсер кәрізінен 620 тоннаға жуық лай шығарылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қызметкерлері құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды