Жаңалықтар

Алматыда әйел адамның бөлшектелген денесі табылды

Алматыда әйел адамның бөлшектелген денесі табылды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.02.2025 16:18 156

Алматыдағы қоқыс өңдейтін кәсіпорын аумағынан қоқыс саралау кезінде әйел адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын-ала мәлімет бойынша ер мен әйел 9 ақпанда жалдамалы пәтерде ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал туған. Ер адам әйелді пышақтап, кейін денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған.

Түрксіб ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытқа ұстау изоляторына қамалды. Алдын-ала дерек бойынша ер адам жанжал кезінде өзімен бірге тұратын әйел адамды өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға