Жаңалықтар

Алматыда әйел 18-қабаттан құлап, қаза тапты

Алматыда әйел 18-қабаттан құлап, қаза тапты
Фото: видеодан алынған кадр 11.03.2025 11:36 836

Алматыда тұрғын үй кешенінде әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласынан таңертең әйел адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 18-қабаттан құлаған болуы мүмкін. Оқиға шамамен таңғы 6:30-да болған. Қайтыс болған азаматшаның жасы 25 пен 35 аралығында деп болжанып отыр.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға