Алматыда автобустағы оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Алматыда автобуста мектеп оқушысына шабуыл жасаған егде жастағы ер адамның ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу басталғанын атап өтті.
Аталған факт бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Құқықбұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталды. Фигуранттың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін желіде автобустағы егде жастағы жолаушының мектеп оқушысына шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланған еді.
Қыздың айтуынша, оқиға ер адамның оқушының аяғынан теуіп оятудан басталған. Кейін ер адам сөзбен тиісіп, соңында оның бетіне соққы жасап, көзілдірігін жұлып алып, сындырып тастаған.