Жаңалықтар

Алматыда автобус пен минивэн соқтығысып, бір адам қайтыс болды

Алматыда автобус пен минивэн соқтығысып, бір адам қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 04.10.2024 17:36 96

Алматыда 4 қазанда №58 жолаушылар автобусы мен Mitsubishi Space Wagon минивэні соқтығысып, салдарынан әйел қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты Солтүстік айналма жолда – Бөкейханов көшесінде болған.

Автобус айналма жолда ереже бойынша оң жақтағы жолақпен жүріп келе жатқан. Солтүстік айналма жолынан шығарда Mitsubishi жүргізушісі оң жолаққа өтпей, екінші қатардан бұрыла салған. Осы сәтте автобус жүргізушісі минивэнмен соқтығысқан.

Жол апатынан минивэннің артқы орындығында отырған 27 жастағы әйел қайтыс болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға