Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті
4-5 ақпанда Алматының 5 ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы демалыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Алматы облысының шаруа қожалықтарының және Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкелер мына мекенжайларда орналасқан:
Алмалы ауданы (Гоголь көшесі - Масанчи көшесі);
Бостандық ауданы (Қазақфильм шағын ауданы);
Әуезов ауданы (Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесі);
Медеу ауданы (Меңдіқұлов көшесі - Бектұров көшесі және Шевченко көшесі - Қонаев көшесі);
Түрксіб ауданы (Жұлдыз шағын ауданы).
Жалпы 250 тонна өнім әкелінеді. Олар - 40 тоннасы ет өнімі, 130 тоннасы жеміс-көкөніс, 15 тонна сүт өнімдері, 5 тонна балық өнімдері, 60 тоннасы өзге де өнімдер.
