Алматыда ауған тауарларының көрмесі өтеді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
16.10.2024 22:33
587
2024 жыл 20 қазан күні сағат 15:00-де Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында ауған тауарларының көрмесі ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көрмеде кілемдер, зергерлік бұйымдар, құрылыс тауарлары, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия, көкөністер, жемістер мен азық-түлік өнімдері ұсынылады.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42.
Көрменің жұмыс уақыты:
- 20 қазан: 15:30–18:00
- 21–22 қазан: 10:00–17:30.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қозыбаев университетінде заманауи студенттер үйі ашылды