Жаңалықтар

Алматыда ArtSport бағдарламасына бөлінген 2,5 млрд теңге ұрланған

Енді әр баланың үйірмеге барған-бармағаны тексеріледі
Алматыда ArtSport бағдарламасына бөлінген 2,5 млрд теңге ұрланған
Фото: Depositphotos 19.01.2023 12:28 1058

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы әкімінің айтуынша, баланың үйірмеге қатысқан, қатыспағанын тексеру үшін QR-код  пайда болады

«Мен өз баяндамамда жазға дейін жаңа ғимарат ашылатынын айттым. Балалардың баратын жері болады. Күн сайын 5 мың бала деген аз емес. Ал, ArtSport мәселесі бойынша енді QR-код қолданысқа енгізіледі. Себебі, өткен жылы Алматы қаласына 20 млрд теңге бөлгенбіз. Оның 2,5 млрд теңгесі қолды болып кетті. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Жалпы, баланың үйірмеге қатысқан, қатыспағанын тексеру үшін QR-код керек», - деді Ерболат Досаев.

Айта кетсек, биыл балалар үйірмелеріне 16 млрд 200 миллион теңге бөлінген, соның ішінде Алатау ауданына 2 млрд 300 миллион теңге бағытталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға