Жаңалықтар

Алматыда анестезиологтар мен реаниматологтардың VI Конгресі өтті

Форумның жұмысына шетелдік сарапшылар қатысты
Алматыда анестезиологтар мен реаниматологтардың VI Конгресі өтті
Фото: ҚР ДСМ 02.04.2023 19:16 1121

Осы күндері Алматыда осы саладағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен анестезиологтар мен реаниматологтардың VI Конгресі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ДСМ-ге сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда анестезиология және реаниматология саласында заманауи технологияларды енгізу үшін, жалпы осы қызметті қарқынды дамыту және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің талаптарын ескере отырып, анестезиология және реаниматология бойынша жаңа стандартты әзірлеуде.

Сондай-ақ, конгресс жұмысының барысында шұғыл акушерлік жағдайларда қарқынды терапияның өзекті мәселелері талқыланды.

«Анестезиолог — реаниматолог — бұл көп бейінді маман, сондықтан үнемі жаңа тәсілдер туралы хабардар болу өте маңызды, ал мұндағы ең жақсы нұсқа - осы немесе басқа заманауи жетістіктерді енгізген және сәтті қолданған әріптестермен қарым-қатынас жасау», - деп атап өтті ҚР ДСМ бас штаттан тыс анестезиологы, профессор Ағзам Шаймарданұлы Жұмаділов.

Форумның жұмысына Израиль, Украина, Түркия және Ресейден келген шетелдік сарапшылар қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға