Жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауды

Алматыда алғашқы қар жауды
Фото: instagram.com/almaty.today 16.10.2024 15:32 121

16 қазан күні Алматыда жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғындар алғашқы қардың кадрларымен әлеуметтік желіде бөлісуде.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада көктайғаққа қарсы шараларға 800-ден астам техника мен 1400 жұмысшы жұмылдырылған.

Көктайғақ қаупіне байланысты, әсіресе әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақтарда көлік иелері қауіпсіздік үшін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғаны жөн. Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын. Бұл жұмысқа 10 мердігер ұйым, 841 техника және 1405 жұмысшысы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалған, - делінген хабарламада.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Almaty Today (@almaty.today)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға