Жаңалықтар

Алматыда алдағы үш күнде көктайғақ болады

Алматыда алдағы үш күнде көктайғақ болады
Фото: GOV.KZ 12.11.2023 03:32 763

Алматыда алдағы күндері жолда көктайғақ болуы мүмкін екені туралы ескертілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер 12-15 қараша аралығында Алматыда жауын-шашын көктайғаққа ауысуы болжады. Түнде ауа температурасы минус төрт градусқа дейін төмендемек. 

Қала әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқысына ауыстыру ұсынылып отыр. Жолдар көктайғақ болуы мүмкін екені айтылды. Бұл ретте әкімдік жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге де қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтауға кеңес берілді.

Коммуналдық қызметтер мұздан тазарту жұмыстарын жедел және сапалы жүргізу үшін көлік иелерінен мүмкіндігінше қаладағы көлік қозғалысын шектеуді және көліктерді жол жиегіне қоймауды сұраймыз, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта. 

Сонымен бірге мұзды тазалау жұмыстарын жүргізуге 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1240 жол жұмысшысы жұмылдырылған. .

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға