Жаңалықтар

Алматыда адвокат әйелді бұрынғы күйеуі өлтірген

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті
Алматыда адвокат әйелді бұрынғы күйеуі өлтірген
Фото: 24.kz 14.10.2022 21:25 910

Алматы қаласында жедел-іздестіру шарасы барысында 1971 жылы туған азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz

Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сенсек, ол ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

«Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бұрын хабарланғандай, тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында» деп мәлім етті полиция.

Алматы қалалық полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның бұрынғы жұбайы – 1974 жылы туған азамат екендігін растаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға