Жаңалықтар

Алматыда Абай даңғылының Наурызбай батыр көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматыда Абай даңғылының Наурызбай батыр көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 15.07.2023 17:55 634

Абай даңғылында Наурызбай батыр көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Алматыда Абай даңғылының көлік магистралі бойынша жол жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. Қазіргі уақытта Достық даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін батыс бағытта және Тілендиев көшесінен Әуезов көшесіне дейін шығыс бағытта жөндеу жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды.

Келесі кезең - Абай даңғылындағы Наурызбай батыр көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі учаскедегі орташа жөндеу. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 15 шілдедегі сағат 23-00-ден 17 шілдедегі сағат 06-00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағымен толық жабылатын полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Жабық учаскені айналып өту Шевченко көшесі, Құрманғазы көшесі, Байтұрсынұлы көшесі, Сейфуллин даңғылы, Наурызбай батыр көшесі және Сәтбаев көшесі арқылы жүзеге асырылады. Наурызбай батыр көшесі, Сейфуллин даңғылы, Байтұрсынов көшесі бойындағы көліктің өтпелі қозғалысы күндізгі уақытта қолжетімді болады, - деп жазылған әкімдік хабарлмасында. 

Сондай-ақ, 15 шілде сағат 23-00-ден 17 шілде сағат 06-00-ге дейін Масаншы көшесінен оңтүстік бағытта Абай даңғылына өту шектеледі, айналма жол Құрманғазы көшесі мен Шевченко көшесі бойынша ұйымдастырылады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 3 экипажы жұмылдырылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға