Жаңалықтар

Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» салынып жатыр

Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» салынып жатыр
Фото: ortcom.kz 03.03.2025 14:05 171

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның талантты балалары үшін бірегей білім беру ортасын құруға бағытталған. Ол биылғы жылы ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мектеп 900 оқушы орнына арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешені қарастырылған.

Жаңа білім беру ұйымының концепциясы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген. Жобаны жүзеге асырудағы маңызды қадам - «ABAY-Programme» біртұтас білім беру бағдарламасының әзірленуі болып табылады. Ол көптілді, зиялы және ұлттық сипаттағы тұлғаны қалыптастыруға негізделген.

Мектеп сондай-ақ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен серіктестік орнатады. Ынтымақтастық аясында «Абай зертханасы» құрылып, ол гуманитарлық білім саласындағы әдістемелік және ғылыми зерттеулер орталығына айналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға