Жаңалықтар

Алматыда 7 жасар қыздың өліміне қатысты тың деректер айтылды

Алматыда 7 жасар қыздың өліміне қатысты тың деректер айтылды
Фото: әлеуметтік желі 29.02.2024 15:20 2712

Алматыда 7 жасар қыздың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сотта куәгерлерден жауап алынды. Медициналық сараптама маманының мәліметінше, қыздың өліміне бас миының ауыр жарақаты себеп болған. Қыздың басынан доғал, қатты затпен соққан. Сарапшы бес соққы болғанын атап өтті. Бұл жарақаттарды құлаған кезде алуы мүмкін емес екені айтылды. Қайтыс болған қыздың басында жарақат әр жерінен болған.

Қыздың әкесі Бәкен Ғалымжанұлы аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламағаны және ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін үстінен іс қозғалған еді. Алайда әзірге іс тоқтатылды. Іс бойынша қыздың өгей шешесі 47 жастағы Балжан Тұрлыбек күдікті болып отыр. Ол қызды әкесі де ұрғанын айтқан еді. Марқұмның туыстары сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға