Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Нұрлытау шағын ауданында 63 жеміс ағашының заңсыз кесілгенін анықтады. Бұдан 1060 АЕК (3 657 000 тг) мөлшерінде залал келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқармада айтылғандай, мұндай кезде кінәлілер оның орнына ағаш егуге міндеттеледі. Енді олар биіктігі ең кемі 2,5 м болатын 3150 ағаш отырғызады.
Бұған қоса, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шара қабылдау үшін Алматы қаласының полиция департаментіне және Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына хат жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Мәдениет және спорт министрлігі 101 әдебиет басып шығарады
Келесі жаңалық
Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады