Жаңалықтар

Алматыда 5 мың түп ағаш отырғызылады

Алматыда 5 мың түп ағаш отырғызылады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 01.03.2025 06:15 165

Алматыда 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды қалалық науқан өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл науқан қала инфрақұрылымын жаңарту мен жақсартуға, экологиялық мәдениетті арттыруға және тұрғындарды қаланы дамытуға тартуға бағытталған.

Алматыда 5 мың түп ағаш отырғызылады

Құрметті тұрғындар! «Алматы – біздің ортақ үйіміз», ал әр үйде тазалық пен жайлылық болуы керек. Әрқайсыңызды өзінен кейін қоқыс қалдырмауға, табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырамын. Біздің науқанға атсалысыңыздар! Қаламыз баршаға үлгі болсын! Алматыға деген қамқорлықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін рахмет! – деп үндеу жасады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

 «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны қаладағы барлық ауданды қамтиды. Челлендж, байқау, эко-квест және флешмоб сияқты түрлі іс-шараға әрбір алматылық пен қала қонағы қатыса алады.

Алматыда 5 мың түп ағаш отырғызылады

Алматыда 5 мың түп ағаш отырғызылады

Науқан аясында қала инфрақұрылымын толықтай ретке келтіру, 4 мыңнан астам аула аумағын тазалау, 445 саябақ пен скверде сенбілік өткізу, өзен жағалауларын тазарту, 12 мыңға дейін антивандалдық қоқыс жәшіктерін орнату, 600-ден астам заңсыз орнатылған нысанды бұзу, сондай-ақ 5000 ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған.

Алматыда 5 мың түп ағаш отырғызылады

Алматыда 5 мың түп ағаш отырғызылады

Суреттер: Алматы қалалық әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға