Алматыда 47 жастағы әйелдің басын кесіп тастады

Алматы полициясы басы кесілген әйелді өлтірген күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
12 сәуір сағат 08:40-та 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат расталды. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерді: әйелдің басы кесілген болып шықты. Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.
