Алматыда 42 жастағы әйелді өлтірген күдікті анықталды
Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
13.10.2022 15:36
961
Алматыда 42 жастағы әйелді өлтірген күдікті анықталды – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл қылмыс 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында орын алды.
Көптеген пышақ жарақатымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілген 1980 жылы туған А. есімді азаматша 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
5 наурызда киножобалар конкурсы басталады