Алматыда 4 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген
Бұл туралы АҚДМ мәлім етті
Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Алматыда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні қалада 4 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, бұл еліміздегі екінші сектордың 19%-ы. Оның ішінде қоғамдық қорлар – 1519, қоғамдық ұйымдар – 2114, жеке қорлар – 336, ЗТБ – 94.
Жиын барысында М.Қожахмет қатысушыларды министрліктің назарында тұрған «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ҮЕҰ қолдау шаралары туралы, қайырымдылық, волонтерлік және медиация саласындағы өзгерістер жөнінде егжей-тегжейлі хабардар етті.
