Алматыда 4 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
04.03.2025 08:41
142
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жылы Алматы жолдарында 2 мың 508 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот 3 мың 993 адамды жүргізуші куәлігінен айырды. 2 мың 365 жүргізушіге қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.
Осыған байланысты полиция дабыл қағуда. Себебі статистика жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Тәртіп сақшылары жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оған ел арасында белгілі тұлғалар тартылды. Яғни, спортшылар, әншілер, әртістер мен танымал тұлғалар өздерінің бейнежолдауларында жүргізушілерді мас күйінде рөлге отырмауға шақырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада тағы бір инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Келесі жаңалық
Биыл 13 мың шақырым жол жөнделеді