Жаңалықтар

Алматыда 300 зейнеткер скандинавиялық серуендеу турниріне қатысты

Алматыда 300 зейнеткер скандинавиялық серуендеу турниріне қатысты
Фото: t.me/almaty_akimat 15.03.2023 19:52 744

Қарттар арасында скандинавиялық серуендеу турнирі 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта өтті. Жарыс Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сайысқа Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының өкілдері атсалысты. Іс-шараға барлығы 300 зейнеткер қатысты.

Мереке «Зумба» биімен басталды. Жарыстан кейін барлық қатысушы мен қонаққа ыстық шәй, бауырсақ және тәттілер таратылды. Жеңімпаздарға медальдар мен жүлделер табысталды.

Алматының белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары — бұл қарттарға арналған демалыс және қарым-қатынас ортасы. Мұнда әртүрлі үйірмелер бар. Зейнеткерлер емдік йога, айкун, скандинавиялық серуендеу, музыка және би, тіл үйрену жазылып, компьютерлік курстарға қатыса алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға