Жаңалықтар

Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр

Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр
Фото: gov.kz 12.04.2024 09:32 4254

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді, - делінген ТЖМ ақпаратында.

Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктелуде.

ЖШС Алматы қаласында «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған. ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға