Жаңалықтар

Алматыда 200 жаңа мектеп салынады

Алматыда 200 жаңа мектеп салынады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 22.06.2023 12:53 808

Бұл жөнінде қала әкімі Ерболат Досаев баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев баспасөз мәслихаты барысында әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымын ескере отырып, мегаполис аумағының теңгерімді дамуы туралы хабарлады. Бас жоспарда 2040 жылға қарай халық санының 3 миллион адамға дейінгі болжамын және экономиканың орташа жылдық 5%-ға өсуін ескеріп, 5 полиорталықтың құрылымын біркелкі қалыптастыру көзделген.

Білім беру және денсаулық сақтау нысандарына қадамдық қолжетімділік жасалады. 200 жаңа мектеп және 80-нен астам медициналық мекеме салынды. Қоғамдық көліктің үлесі 60%-ға дейін артты. 210 км жаңа жолдар мен 3,6 мың км инженерлік желілер, сонымен қатар 2 750 гектар жаңа саябақтар мен скверлер салынады, - деді облыс әкімі Ерболат Досаев.

Айта кетейік, 2023 жылғы 3 мамырда Үкіметтің қаулысымен Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары бекітілген. Бас жоспар «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» ескере отырып, полиорталық қағидаттарына негізделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға