Жаңалықтар

Алматыда 20-дан астам ашық мұз айдыны қолжетімді болады

Алматыда 20-дан астам ашық мұз айдыны қолжетімді болады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 04.01.2024 18:52 838

Мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін жиырмадан астам мұз айдынының 12-сі тегін жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгінгі таңда Алматыда мына мекенжайлар бойынша сегіз мұз айдыны жұмыс істейді:

1.Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында;
2.28 Панфиловшылар саябағы;
3.Тұңғыш Президент саябағы;
4.Орталық стадион;
5.М. Әуезов атындағы театр;
6.Н. Сац атындағы театр;
7.«Гүлдер» саябағы;
8.№6 Оқушылар Үйі;

Қалған 4 мұз айдынын ағымдағы жылдың қаңтар айында келесі мекенжайлар бойынша іске қосу жоспарлануда:

1.Шухов көшесіндегі саябақ;
2.«Авиатор» стадионы;
3.Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында;
4.Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры

Ауа райынығ жылы болуына байланысты мұз айдындарының ашылуы мұз дайын болған кезде іске қосылады.

Мұз айдындарына кіру тегін. Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Екі сағаттық жалға алу құны 1000 теңге. Конькимен сырғанау толығымен тегін.

Жалға беру пункттерінің жұмыс күндері таңғы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындарының өзі тәулік бойы жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға