Жаңалықтар

Алматыда 15 мың оқушыға мектеп формасын алуға ақша берілді

Алматыда 15 мың оқушыға мектеп формасын алуға ақша берілді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.08.2023 18:27 1062

Алматыда әлеуметтік осал санаттағы оқушылар үшін «Жалпыға бірдей оқыту» қорынан берілетін көмектің сомасы бір балаға 43 мың теңге болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жалпыға бірдей оқыту» қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

Қаржы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына бөлінеді. Бұған қоса, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және төтенше жағдайға тап болған оқушыларға көмек көрсетіледі.

Материалдық көмек алу үшін ата-анасы, баланың заңды өкілі Egov электрондық үкімет порталы немесе халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді. Басқа жағдайда білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Тізім оқу жылына бір рет жасалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға