Жаңалықтар

Алматыда 100 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

Алматыда 100 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 28.07.2023 20:45 1081

Қазіргі таңда «Алматы тұрғын үй» ЖШС қаланың сегіз ауданында тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастырып отыр, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық әкімдік мәліметінше, 2023 жылы 100 көппәтерлі тұрғын үйдің (КТК) шатыры, қасбеті, кіреберісі және инженерлік желісі ауыстырылып, күрделі жөндеуден өтеді.

Жаңғыртудың бұл кезеңі үйлердің жайлылық деңгейін жаңартуға және тұрғындар үшін жалпы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.

Бұл ретте, 70 КТК жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет аясында жүргізіліп, мына аудандар бойынша бөлінеді:

Алматыда 100 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

30 КТК жөндеу қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде «Алматы тұрғын үй» ЖШС осы аталған жобаларды табысты іске асыру үшін техникалық құжаттаманы дайындаумен және хаттамаларды жинаумен айналысады.

Айта кетейік, «Алматы тұрғын үй» ЖШС 2011 жылдан бастап қаланың тұрғын үй қорын жөндеу және жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша оператор болып табылады. Ол өзінің қызметін «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырып, ТКШ жаңғыртуға ерекше назар аударады. 2011-2022 жылдар аралығында компания Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бойынша 965 жобаны іске асырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға