Алматы облысының прокуроры тағайындалды
Фото: vlast.kz
Фото: vlast.kz
02.08.2022 12:05
2253
Мемлекет басшысының келісімі бойынша және Бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Адамов Б.А. прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.
Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.
Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 17 жылдан астам.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға