Жаңалықтар

Алматы жылу маусымына дайын ба?

Алматы жылу маусымына дайын ба?
Фото: t.me/almaty_akimat 11.09.2023 13:21 1678

Мегаполис басшысы «Южная» аудандық қазандығының қайта жаңарту барысын тексерді. Жоба аясында 3 ескі су жылытатын қазандық жаңаланып, 1 қазандық күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Мердігердің бұрын жұмысты аяқтау мерзімін бұзғанына назар аударып, нысанды 1 қазанға дейін 100% дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бостандық ауданында қазандықты реконструкциялау жобасы аяқталып келеді: қуаты 55 Гкал-сағатқа артты, 190 Гкал-сағатқа жетті. Бұл қаланың оңтүстік бөлігін, 200 мың тұтынушыны, соның ішінде әл-Фараби даңғылынан төмен Гагарин, Розыбакиев, Жароков көшелеріндегі жаңа тұрғын үй кешендерін үздіксіз жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Ерболат Досаев.

Бұған қоса, әкім 1 тамызда пайдалануға берілген «Алмагүл» қосалқы станциясында болды. Ол 100 мВт қуаттылықты арттырды және қазіргі және жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерін қосқанда 200 мыңнан астам тұтынушыны үздіксіз электрмен қамтамасыз етеді. Қосалқы станцияға Алмагүл шағын ауданы, әл-Фараби - Жароков – Өтепов – Розыбакиев көшелерінің аумағындағы ТҮК қосылған. Қазір кабельдерді секцияларға тарту және тұтынушылардың жүктемесін бөлу қолға алынған.

Сөз соңында Алматы әкімі қаланың жылыту маусымына дайындығы ерекше бақылауда екенін атады. Коммуналдық қызметтер барлық жұмысты бекітілген кестеге сәйкес аяқтауы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға