Жаңалықтар

«Алматы жастары»: 3400 жастың өтініші мақұлданды

«Алматы жастары»: 3400 жастың өтініші мақұлданды
Фото: Pixabay.com 22.04.2025 09:20 177

Құжат қабылдау биыл 14-26 наурыз аралығында өтті. Барлығы 6600-ден аса өтінім түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іріктеуден өткен 3400-ден аса қатысушы банкке жолдама алды. Олардың арасында білім, денсаулық сақтау, жұмыс істейтін жастар, республикалық мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен басқа да саланың мамандары бар.

«Алматы жастары» бағдарламасы:

Ең жоғары несие сома – 20 млн теңгеге дейін;

Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5%;

Бастапқы жарна – 10%-дан аспайды.

Төлем қабілетін растау үшін банкке жолдама алғандар 15 жұмыс күні ішінде қаржы ұйымына хабарласуы керек. Төлем қабілеті расталған жағдайда, қатысушылар 45 күн ішінде жаңа немесе нарықтағы екінші деңгейлі тұрғын үйді таңдай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға