Жаңалықтар

Алматы түрмесінде жазасын өтеуші 2 камераласын өлтірді

Алматы түрмесінде жазасын өтеуші 2 камераласын өлтірді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 10.10.2023 13:47 1294

Алматыдағы ЛА 155/18 жазасын өтеушілер мекемесінде сотталушылар арасындағы жанжал, адам өлімімен бітті. Бұл жолы жазасын өтеушіні екі камераласы зорлаған. Ер адамдар арасындағы бұл оқиға бірнеше ай бұрын болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Press.kz- ке сілтеме жасап.

Бұл қылмыс бойынша мекеме қызметкері түрмеде дәстүрлі емес бағыттағы, транссексуалдарды өзгелерден бөлек камерада ұстау туралы ішкі ережеде жазылмағанын айтты. Сөйте тұра олар бір қатарда жүреді, және өзгелер "ерекшелігі" барларды қыспаққа алады дегенді айтты.

Оқиға педофильдер отырған камерада болған. А және Л есімді азаматтар зорлық үшін жазасын өтеп жүрген. Олар отырған камераға Ж есімді азамат Қарағандыдан арнайы психологиялық-психиатриялық сараптамадан өту үшін келген. Ол сотта өзінің транссексуал екенін айтып, жеке камерада, өзін өзгелерге қоспауды сұраған. бірақ ешкім оның бұл өтінішіне көңіл бөлмепті. 

Ол камераластары өзінен ақша бопсалап, зорлағанын айтады. Сол себепті осындай ауыр қылмысқа барыпты. 5 сәуір күні Ж Л-дың кеңірдегін кесіп өлтірген. Түрме қызметкерлері оны дәрігерге көрсетіп жүргенде  Ж А-ны тұншықтырып өлтірген. Ол осы іс бойынша сотта өз әрекетіне еш өкінбейтінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға