Алматы тұрғынының үш көлігін ұрлап кеткен
Алматы облысының тас жолында белгісіз біреулер Алматы қаласы тұрғынының үш көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді.
21 шілдеде Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Қарасай ауданының полиция басқармасына жүгінді. Өз арызында ол 20 шілдеде Қаскелең қаласының маңындағы «Алматы-Бішкек» тас жолында болған кезде «Lixiang Li9» маркалы үш автокөлікті алаяқтық жолмен иемденген белгісіз тұлғаларға қатысты шаралар қабылдауды сұрады. Жалпы шығын 90 миллион теңгені құрады, - деді Әленов.
Оның сөзінше, алаяқтық дерегі аудандық полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті әрекеттер жүргізілуде.
22 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері Қарасай ауданының полицейлерімен бірлесіп күдіктілер тобын ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп толықтырды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram