Жаңалықтар

Алматы тұрғынының АҚШ-тан келген мармелад үшін басы дауға қалды

Алматы тұрғынының АҚШ-тан келген мармелад үшін басы дауға қалды
Фото: polisia.kz 06.02.2025 15:35 107

Алматыда полиция шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Алматы полициясы қылмыстық сәлемдемені МКД әріптестері мен поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтады.

Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталатын болады, - делінген мәліметте.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға