Жаңалықтар

Алматы тұрғыны интернет арқылы жалған әуе билеттерін сатуды кәсіп еткен

Алматы тұрғыны интернет арқылы жалған әуе билеттерін сатуды кәсіп еткен
Фото: © Pixabay.com 03.01.2024 19:50 941

Алматы қаласының тұрғыны OLX арқылы жалған әуе және теміржол билеттерін сатуды кәсіпке айналдырған. Оны елордалық полицейлер ұстады, деп хабарлайды El.kz агенттігі.

Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті 2023 жылдың сәуір айынан бастап жарнама сайтында билеттерді арзандатылған бағамен сату туралы ақпаратты жариялаған.
Полиция басқармасына хабарласқан елорда тұрғынының айтуынша, әуе билеттерін сатамын деген хабарландыруға сеніп, белгісіз адамға 100 мың теңге аударып жіберген. Ол 10 билет сатып алуды жоспарлаған. Алайда жәбірленуші күдіктеніп, билеттерді күтпестен полицияға хабарласқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтықпен айналысты деген күдікпен Алматы қаласының 41 жастағы тұрғыны құрықталды. Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта басқа да зардап шеккендер анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға