Алматы тұрғыны Денис Теннің ескерткішіне аты-жөнін ойып жазған

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
23.11.2023 10:30
2636
Алматыда спорт шебері Денис Теннің ескерткішін бұзақы ойрандап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол ескерткіштің қабырғасына жазба қалдырған. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазыпты.
Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, - делінген Qazaqstan.tv ақпаратында.
Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам, психоневрологиялық есепте тұрады.
Айта кетейік, осыдан 5 жыл бұрын қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен кісі қолынан қаза тапқан болатын. Тірі болғанда 13 маусым күні 30 жасқа толар еді.
Бөлісу:
