Алматы тұрғындарына нөсер жауын туралы ескертілді
Алматы қаласының әкімдігі 12-14 наурызында жауын-шашын жауып, арты қарлы бұрқасынға ұласатынын ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі және таңғы уақытта қаланың тау бөктеріндегі аудандарда көктайғақ болуы мүмкін.
Автокөлік жүргізушілерінен түнгі және таңғы уақытта қаланың таулы аймағында қозғалыс жылдамдығын бәсеңдетуді сұраймыз - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Алматыда 320 жұмысшы мен 89 арнайы техника арық желілерін, арық өткелдері мен қоқыс төгілген «ойық жерге» тазалау жұмыстарын жүргізуде.
12 наурыздағы жағдай бойынша 560 тонна қоқыс, лай мен мұз шығарылды. Күндізгі уақытта барлығы 465 арнайы техника мен 1020 жұмысшы жол жиегіндегі тазарту жұмысын жүргізді.
Оқи отырыңыз:
- Семейде қатты жел салдарынан көпір қоршауы опырылып түсті
- Түркістанда төрт аудандағы үй аулаларын су басып қалды