Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Фото: © Phys
Фото: © Phys
19.12.2023 11:00
825
19 желтоқсан күні сағат 07:44-та Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ, - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.
«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 347 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстікке қарай Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 12.6 MPV, магнитудасы – 6.0. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл қуатымен сезілген.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді