Жаңалықтар

Алматы түлектерінің мектеп бітіру кештері қалай өтеді?

Алматы түлектерінің мектеп бітіру кештері қалай өтеді?
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 23.05.2023 14:15 1117

Биыл 1 маусымда Алматы мектептерінде соңғы қоңырау өтеді. Осы ретте қалалық білім басқармасы биыл мектеп бітіру кештері қалай өтуі тиіс екенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма басшысының орынбасары Жанат Айтпаеваның сөзінше, мектеп түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру 20-22 маусым күндерін туған мектептерінің қабырғасында өткізуді ұсынылып отыр.

Білім басқармасы сынып сағаттары мен салтанатты жиын ұйымдастыру кезінде дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыстау болатынын еске салады, педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, демалыс агенттіктерін, жеке студияларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынады, - деді Жанат Айтпаева.

Оның айтуынша, Алматыда 313 мектеп, 12 мектеп-интернат, 85 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі бар. Онда барлығы 400 мыңнан аса оқушы мен студент білім алады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға