Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша тікелей рейстер ашылды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
07.09.2023 20:03
1187
Биылғы 7 қыркүйегінде «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына (бейсенбі және жексенбі) 2 рейс жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шетелдік туристер арасында ең танымал бес ұлттық тағам аталды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді