Алматы тауларында қар көшкініне қатысты ескерту жарияланды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
10.11.2023 20:45
677
Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні жүруі мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесі 10-11 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін мәлімдеп отыр.
Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн. Мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс.Тауда қалып қалған туристер мен демалушылар болса, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз, - деп жазылған қалалық ТЖД таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға