Жаңалықтар

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

Алматы қаласының ТЖД қарлы тау беткейлерге шығудан бас тартуды сұрайды
Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар
Фото: pixabay 03.12.2022 17:50 2255

Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Алматы таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз, қардың қалыңдығының (кейбір жерлерде 100-120 см) болуына байланысты тау беткейлерінде көшкін қаупі сақталады.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Казселденқорғау» мамандары Медеу бөгетінен жоғары Шымбұлақ-Эдельвейс тас жолының бөлігінде жолға бөгет орнатты.

Таулы аймақтардағы қар көшкіндерінің жойқын әсерінен аса қауіпті табиғи құбылыстардың бірі болып табылады. Қар көшкіндер максималды жылдамдығы сағатына 80 км-ге дейін жетуі мүмкін.

24 қарашадан бастап Алматы тауларында өздігінен түскен қар көшкіннің 14 жағдайы тіркелді. Абырой болғанда зардап шеккен адамдар жоқ.
Мамандар профилактикалық түсуді Қазгидромет РМК ұсынымдары негізінде, ауа райы қолайлы болған жағдайда жүргізеді.

«Қазгидромет» РМК және «Қазселденқорғау» ММ бекеттері қар көшкіні жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде.

Алматы өңірінде 165 көшкін алқабы бар, оның 18-і «Медеу» СК, ТШК «Шымбұлақ» және Үлкен Алматы көлі аудандарында орналасқан.
Осыған байланысты, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қарлы тау беткейлерге шығудан бас тартуды сұрайды!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға