Алматы тауларында екі жас турист құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
25.08.2024 09:39
501
Алматыда тауға шығып, өз бетінше түсе алмаған туристер құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі турист Панорама тау шыңына көтерілді.
Ауа райын алдын ала көріп алмағаннан, қатты дауыл астында қалып, тиісті уақытқа дейін түсе алмады.
ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған ер азаматтарды “Панорама” құтқару лашығынан тауып, Алматы қаласына аман-есен түсірді, - делінген мәліметте.
Жастарға медициналық көмек қажет болмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында өрт болған жерден алты газ баллоны шығарылды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды