Алматы тауларында аяғы сынған турист құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
11.09.2023 16:00
1098
Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы облысының тауларында аяғы сынған туристі құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Арасан-Қорасан шатқалында 38 жастағы әйел аяғын сындырып алғаны туралы хабар келіп түсті.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы көмекке жіберілді. Отряд базасынан оқиға орнына дейінгі қашықтық – 124 шақырым,-деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар 10 қыркүйек күні сағат 18:47-де шақыру орнына және 15 минуттан кейін зардап шеккен адамға жеткен. Олар әйелді екі сағат ішінде тау-кен құтқару зембілінің көмегімен жедел медициналық жәрдем көлігіне дейін тар, тік жолмен алып барды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2024 жылы Қазақстанның экспорт көлемі артады
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды